$ 473.13  554.08  6.13

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен кездеседі

Екі құрама тағы бір жолдастық кездеуді 15 сәуір күні өткізеді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Ұлттық құрамалардың кездесуі Астана уақытымен 19:50-де басталады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

ФИФА күнтізбесіне сәйкес отандастарымыз 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков ("Ақтөбе"), Дәулет Затыбеков ("Тұлпар");

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Біржан Оразов (екеуі – "Қайрат"), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Ержан Карменов (екеуі – "Семей"), Азат Валиуллин ("Аят"), Жахангир Рашит ("Атырау"), Ақжол Дәрібай ("Тұлпар"), Нұрсұлтан Таңатұлы, Дамир Қайырбай (екеуі – "Каспий"), Альберт Ақбалықов ("Ақтөбе"), Ақеділ Мадияров ("Байтерек"), Александр Дерябин ("Тюмень", Ресей).

Екі құрама тағы бір жолдастық кездеуді 15 сәуір күні өткізеді.

Қазақстан чемпионатының 38-турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында "Қайраттың" ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәуреннің алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына "Каспий" клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0