Сондай-ақ ол ұлының елге пайдалы азамат болып өсуін қалайтынын жасырмады.
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде ұлына арнап әсерлі жазба жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Ол перзентіне деген аналық тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.
“Ұлым жаңа жасың тек береке әкелсін! Тұла бойымды жарып шыққан менің намыс-жігерім! Деніңе ең бастысы саулық, жүрегіңе иман мен адамгершілік, болашағыңа үлкен жарық пен ашық, таза, ақ жол тілеймін!”, - деді ол.
Сондай-ақ ол ұлының елге пайдалы азамат болып өсуін қалайтынын жасырмады.
“Керей деген атыңа сай лайықты болып елім деген үлкен азамат бол! Іштей саған үмітім зор! Болашақ алда сендердікі! Алла тағалам көп көрмей берер ризығы мол болсын! Ер бол бір төбедей ел бол!”, - деп түйіндеді Гүлайым Рахмонова.