Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.