Қазақстанның ең танымал шахматшыларының бірі жалпы алғанда 34 600 еуро жүлде қорын жеңіп алды, бұл қазіргі бағам бойынша 19,3 млн теңгеден асып отыр.
Қазақcтандық шахматшы Бибісара Асаубаеваға ФИДЕ үміткерлер турниріне қатысқаны үшін төленетін жүлде қорының нақты көлемі жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Kazinform мәліметінше, Асаубаева Үміткерлер турнирінде классикалық шахматтан әлем чемпионы титулына іріктеуден өте алмаса да, үйіне құр қол оралмайды.
Турнир ережелерінде қазақстандық ойыншы жалпы есепте екінші орын алғаны үшін 17 мың еуро алатыны көрсетілген. Ұйымдастырушылар әрбір 0,5 ұпай үшін қосымша 2200 еуро төлейді. Бибісара активінде сегіз ұпай бар, бұл оған тағы 17 600 еуро әкелді.
Қазақстанның ең танымал шахматшыларының бірі жалпы алғанда 34 600 еуро жүлде қорын жеңіп алды, бұл қазіргі бағам бойынша 19,3 млн теңгеден асып отыр.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан өкілдері екі жылда бір рет өткізілетін және әлемнің ең үздік шахматшыларын біріктіретін Үміткерлер турниріне жолдама алмаған. Сондықтан Бибісара Асаубаеваның осы деңгейдегі жарыстағы дебютінде екінші орын алуы – лайықты жетістік.
Қазақстандық спортшы өз өнеріне түсініктеме бере отырып отандастарына қателіктерін түзетіп, екі жылдан кейін үміткерлер турниріне қайтадан жолдама алуға уәде берді.
- 2026 жылғы әйелдер арасындағы Үміткерлер турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, соңында сәл сәтсіздікке ұшырап, екінші орын алдым. Алда қатемен жұмыс істеу керек, мен күштірек болып ораламын. Елімізді ең жоғары деңгейде танытқаныма мақтанамын және алда әлі де көп нәрсе бар. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді, бұл мен үшін өте маңызды және құнды. Алға жылжиық, - деп жазды спортшы Instagram-да.