$ 474.08  558.28  6.26

«Ұнатса қабылдаймыз»: Жавохир Синдаровтың әжесі Бибісара Асаубаева жайлы пікір білдірді

Бұл тақырыпқа нақты баға беру әзірге ерте екенін жеткізген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Sport.uz арнасына берген сұхбатында Жавохир Синдаровтың мамасы оның Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда екі шахматшының арасында тек достық байланыс бар.

Бұл тақырыпқа нақты баға беру әзірге ерте екенін жеткізген.

Айта кетейік, жуырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Жавохир Синдаровты Пафос қаласында өткен 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі жеңісімен құттықтаған болатын. Ал қыркүйек айында Самарқандта 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді. Бұл – Өзбекстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылатын ірі дода.

Соған қарамастан, көпшілікті қызықтырған негізгі сұрақ – екі жас шахматшының арасындағы қарым-қатынас. Бұған дейін Бибісара Асаубаева Синдаровты әлеуметтік желіде «менің чемпионым» деп жүрек белгісімен құттықтаған еді.

Синдаровтың әжесінің сөзінше, олар бала кезден таныс, бірге өсіп, жиі араласқан.

– Қазір олар дос. Болашақта не болатынын уақыт көрсетеді. Егер ертең балам «оны ұнатам, жақсы көремін» десе, біз қарсы болмаймыз, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 7
Күлкілі 2
Ашулы 0