$ 474.08  558.28  6.26

Нүрбек Оралбайдың бокстағы мансабына қатысты маңызды жаңалық шықты

Журналист бұл шешімнің нақты себебі айтылмағанымен, спортшының Олимпиадалық цикл аясындағы жоспарына байланысты болуы ықтимал екенін меңзеді. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстандық спорт журналисі Аслан Қаженов боксшы Нұрбек Оралбайға қатысты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның мәліметінше, ұлттық құраманың мүшесі, Олимпиада жүлдегері, әлем және Азия чемпионы Нұрбек Оралбай салмақ дәрежесін ауыстырған. Енді боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Бұл өзгеріс аталған салмақтағы бәсекенің күшеюіне ықпал етуі мүмкін.

Журналист бұл шешімнің нақты себебі айтылмағанымен, спортшының Олимпиадалық цикл аясындағы жоспарына байланысты болуы ықтимал екенін меңзеді. Сондай-ақ ол жанкүйерлерді пікір білдіруге шақырып, бұл қадамның қаншалықты дұрыс екенін талқылауға үндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#боксшы #спорт