$ 474.08  558.28  6.26

Елена Рыбакина жанкүйерлерін қуантты

Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте брейк жасай білді — 6:4.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркеліп, додаға екінші айналымнан қосылған қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 19-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді сынап көрді.

Бірінші партияда Елена 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:3.

Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте брейк жасай білді — 6:4.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 9 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Шнайдер 1 эйспен шектелді. 

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 79-сатыдағы түркиялық Зейнеп Сенмездің қай жеңгенімен таласады. 

Е.Рыбакина 2024 жылы Штутгартта үздік шыққан болатын. Ал өткен жылы Қазақстан құрамасы сапында ойнауына байланысты қатыспаған еді. Сондықтан биыл рейтингілік ұпай қорын толықтыратындай жақсы мүмкіндік бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0