21.08.2014, 10:20

«Астана» мен «Вильяреал» ойынын Кәрім Мәсімов пен Серік Ахметов келіп тамашалайды

Бүгінгі «Астана» мен «Вильяреал» ойынын тамашалауға Үкімет басшысы мен Қорғаныс министрі келеді деп күтілуде. Бұл туралы Skifnews.kz тілшісіне «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко айтты.

— Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Қорғаныс министрі Серік Ахметов келіп тамашалайды деп күтіп отырмыз. Әзірге келетін, келмейтіні белгісіз. Бірақ, біз күтіп отырмыз, — деді клубтың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бүгін «Астана-Аренада» өтетін УЕФА Еуропа лигасы аясындағы елордалық «Астана» мен испаниялық «Вильяреал» клубтары арасындағы ойын жергілікті уақытпен сағат 21.00-де басталады.