85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері финалда бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері финалда бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Осылайша Сұлтанбек Айбарұлы турнирдің алтын медалін қоржынға салды.
Спорт жанкүйерлері әлеуметтік желіде қазақстандық спортшының жеңісін қызу талқылап, құттықтау тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Сұлтанбек Айбарұлы соңғы жылдары халықаралық ареналарда сәтті өнер көрсетіп, отандық бокстың әлеуетін танытып келеді.