$ 464.86  544.03  6.14

Елена Рыбакина жеңіс саны бойынша әлемде көш бастады

Қазақстандық теннисші 27 жеңіспен көш басына шықты. 

 

Фото: j48tennis
Фото: j48tennis

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда біреге нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші 27 жеңіспен көш басына шықты. 

Елена Рыбакина бұл көрсеткіш жөнінен әйелдер, сондай-ақ ерлер арасында да бірінші орында тұр.

Әлемнің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнердің есебінде 26 жеңіс бар. 

Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньді жолдан тайдырған Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 56-ракеткасы, аустриялық Анастасия Потаповамен таласады. 

Матч 29 сәуірге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00.00-ге белгіленген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0