Боксшы алда оны биылғы ең ірі додалардың бірі – Азия ойындары күтіп тұрғанын атап өтті.
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Бразилияда өткен Әлем кубогындағы нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, басты мақсаты алтын болғанын жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы жарысты екінші орынмен аяқтағанын айтып, бұл нәтижеге толық қанағаттанбайтынын жеткізді.
«Осы нәтижеге қанағаттандың ба?» десеңіздер – жоқ деп айтамын. Менің көздегенім бірінші орын еді. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді», – деп жазды ол.
Боксшы алда оны биылғы ең ірі додалардың бірі – Азия ойындары күтіп тұрғанын атап өтті
«Сол уақытқа дейін қателіктермен жұмыс жасап, әлі де талай Қазақ елінің туын көкке желбіретуге барымды саламын», – деді спортшы.
Сондай-ақ Аида Әбікеева өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтып, олардың сенімі жігер беретінін жеткізді. Желі қолданушылары спортшының қайсар мінезіне қолдау білдіріп, алдағы жарыстарда алтыннан үміт күтетіндерін жазуда.