Айта кетейік, Нұралы Әліп — Ресейдің «Зенит» клубында, ал Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапында доп теуіп жүр.
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Нұралы Әліп, Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионаты аясындағы матчтан кейін бірге суретке түсіп, жанкүйерлер назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
ҚР Футбол федерациясы жариялаған кадрда «Зенит» сапында өнер көрсететін Нұралы Әліп пен «Ахматта» доп тебетін Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек бір кадрда көрінді.
Федерация жазбаға #BizdinJigitter деп белгі қалдырып, отандық футболшыларға қолдау білдірген.
Желі қолданушылары Ресей премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген қазақ ойыншыларының бір суретке түсуін мақтанышпен қабылдап, олардың ұлттық құрамадағы әлеуетіне жоғары баға беріп жатыр.
Айта кетейік, Нұралы Әліп — Ресейдің «Зенит» клубында, ал Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапында доп теуіп жүр.