28.04.2026, 16:00

«Бибісараның сұхбатынан кейін қызымның есімін өзгерттім» - Біржан Хасанғалиев

Коллаж: sn.kz

Өнер иесінің айтуынша, жаңа туған қызының есімін алғашында Іңкәр деп қоюды жоспарлаған.

Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Өнер иесінің айтуынша, жаңа туған қызының есімін алғашында Іңкәр деп қоюды жоспарлаған. Алайда кейін шешімін өзгерткен.

«Төртінші баламыз дүниеге келді. Қызым туғалы бақыттан аспанда қалықтап жүрмін. Басында есімін Іңкәр деп қойғым келген. Сосын шахматшы Бибісара Асаубаеваның сұхбатын көріп, жас қызға таңқалдым. Қызым да сондай ақылды әрі алғыр болсын деген ниетте қызымның есімін Бибісара деп қойдық. Бір қызығы, менің қызым 25 ақпанда дүниеге келсе, Бибісара Асаубаева 26 ақпанда өмірге келген екен», - дейді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, FIDE Circuit рейтингінде айтарлықтай өзгерістер болды. Әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінің жеңімпазы, үндістандық Вайшали Рамешбабу көш бастады. Ал қазақстандық Бибісара Асаубаева үздік үштікке енді. Ол рейтингте екінші орынға көтерілді. Үшінші сатыға қытайлық Чжу Цзиньэр жайғасты.