30.04.2026, 18:20

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Фото: ҚТФ

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы бұған дейін 9-сатыда тұрған еді. 

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы 8-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы бұған дейін 9-сатыда тұрған еді. Осылайша Заңғар өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты.

Ересектер арасында ATP рейтингісінде 1 634-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Шымкент қаласында қос бірдей челленджер жарысында бақ сынап көрді. 

Қазақстандық теннисші енді жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне тыңғылықты дайындалады.