02.05.2026, 12:30

Стадионда ерекше сәт: жанкүйерлер Мұхтар Шахановты еске алды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ордабасы мен Каспий арасындағы ойында жанкүйерлер стадионға ақынның бейнесі бейнеленген плакат іліп, оған құрмет көрсетті.

Шымкенттің Ордабасы клубының жанкүйерлері футбол матчы кезінде көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ордабасы мен Каспий арасындағы ойында жанкүйерлер стадионға ақынның бейнесі бейнеленген плакат іліп, оған құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде дүниеге келген. Ол Шымкент педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ақын 19 сәуірде 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Мұхтар Шаханов – кеңестік және қазақстандық әдебиеттің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты. Ол Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, сондай-ақ Қырғызстанның халық ақыны атақтарына ие болған.