$ 462.91  542.16  6.16

14 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Тартысты өткен матч 6:2, 6:4 есебімен Ахмадидің пайдасына шешілді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов Чэнду (Қытай) қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 сериясындағы доданың титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Финалдық кездесуде 14 жасар отандасымыз Қытай Тайбэйінің өкілі К. Маодан айласын асырды. Тартысты өткен матч 6:2, 6:4 есебімен Ахмадидің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) беделді «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» марапатына ие болған еді. Бұл номинация еуропалық емес аймақтардан шығып, үздік нәтиже көрсеткен талантты теннисшілерге беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0