$ 464.53  543.73  6.15

«Бөліскім келді»: Серік Сәпиев қызының жетістігімен мақтанды (ВИДЕО)

Спортшы бұл жетістік туралы Instagram парақшасында жазып, қызына деген мақтанышын жасырмады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық танымал боксшы Серік Сәпиев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның қызы Сәпиева Аққу би спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогында топ жарып, жеңімпаз атанған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұл жетістік туралы Instagram парақшасында жазып, қызына деген мақтанышын жасырмады.

«Құрметті достар! Қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді! Қызым Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы атанды», – деп жазды ол.

Аққу Сәпиева – кәсіби биші. Оның парақшасындағы мәліметке сәйкес, ол бұған дейін де ірі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен. Атап айтқанда, әлем чемпионатында 5-орын алып, Қазақстан чемпионы және вице-чемпионы атанған, сондай-ақ Азия чемпионатында 4-орын иеленген.

Желі қолданушылары жас спортшыны жеңісімен құттықтап, оған алдағы жарыстарда да сәттілік тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0