$ 463.41  546.27  6.18

«Таңдауы шетел азаматы»: Танымал фристайлшы Жанбота Алдабергенова тұрмысқа шықты

Оның таңдауы – Jessie Rose есімді шетелдік азамат болды.

instagram.com/zhanbota.aldabergenova
instagram.com/zhanbota.aldabergenova

Қазақстанның фристайл-акробатикадан ең танымал спортшыларының бірі, үш Олимпиада ойындарының қатысушысы Жанбота Алдабергенова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында неке куәлігімен түскен суретін жариялап, өміріндегі маңызды сәтпен бөлісті. Оның таңдауы – Jessie Rose есімді шетелдік азамат болды.

Алланың алдында серт беріп, қол ұстасып бірге жүруге уәде еткен күн, – деп жазды Жанбота.

Жанбота Алдабергенова Қазақстан тарихындағы ең табысты фристайлшылардың бірі саналады. Ол фристайлдың акробатика түрінен қатарынан үш Олимпиада ойындарына – Сочи-2014, Пхёнчхан-2018 және Бейжің-2022 жарыстарына қатысты. 2014 жылғы Олимпиадада алтыншы орын алып, өзінің мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0