$ 463.41  546.27  6.18

Боксшы Данияр Елеусіновке қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Бұған дейін ол аталған дивизионда 37-орында тұрған еді.

Фото: Instagram.com / yeleussinovdaniyar
Фото: Instagram.com / yeleussinovdaniyar

Бүкіләлемдік бокс кеңесі - World Boxing Council (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың да орны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақта қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі көшбасшылық позициясын сақтап қалды. Бұл дивизионның толыққанды чемпионы - доминикалық Карлос Адамес. Ал екінші орын кубалық Йоэнлис Эрнандеске тиесілі болса, үздік үштікті франциялық Билал Джкиту түйіндеп тұр.

Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов WBC рейтингінен тыс қалды. Бұған дейін ол аталған дивизионда 37-орында тұрған еді.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы тағы бір қазақстандық Бекман Сойлыбаев рейтингте төмендеп, 34-сатыдан 38-орынға сырғыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0