$ 463.91  544.63  6.26

Сауд Арабиясындағы драма: Роналдудың көз алдында чемпиондық қолдан сусып кетті (ВИДЕО)

Енді «Әл-Наср» чемпиондық тағдырын соңғы турда шешетін болады.

Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» кеше Сауд Арабиясы чемпионатындағы шешуші матчтардың бірін өткізді. Команда «Әл-Хиләлмен» кездесіп, жеңісті уысынан шығарып алды — матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ойын барысында «Аль-Наср» ұзақ уақыт бойы 1:0 есебімен алда келе жатқан. Бұл нәтиже сақталған жағдайда клуб мерзімінен бұрын чемпион атанар еді. Алайда матчтың қосымша уақытында, нақтырақ айтқанда 90+8 минутта, команда қақпашысы Бенто өз қақпасына гол соғып алып, есеп теңесті.

Криштиану Роналду 83-минутта алаңнан ауыстырылған болатын. Соңғы минуттардағы драмалық жағдайдан кейін португалиялық шабуылшының эмоциясы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Камералар оның орындықта қатты күйзеліске түскен сәтін түсіріп алған.

Матчтан кейін Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында: «Арман жақын. Соңғы бір қадам қалды», — деп жазды.

Енді «Әл-Наср» чемпиондық тағдырын соңғы турда шешетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0