$ 463.91  544.63  6.26

Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысымен тағы да бірге көзге түсті (ВИДЕО)

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазба бөліскен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен бірге видео жариялап, желі қолданушыларын тағы да елең еткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазба бөліскен. Кадрлардан олардың Бухарест қаласында жүргенін байқауға болады.

Желі қолданушылары Бибісараның Румынияға Синдаровты қолдау үшін барған болуы мүмкін екенін болжауда. Сонымен қатар оқырмандар спортшылардың жиі бірге көрінуін қызу талқылап, олардың шахматтан тыс қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.

Пікір қалдырғандардың бірі: «Чемпионат, кубок немесе марапат туралы көп ойламаңыздар. Ең алдымен өздеріңізді, жастық шақтарыңызды және бақытты өмірлеріңізді ойлаңыздар. Қалғанының бәрі өз ретімен келеді» десе, енді бірі «Тәттісіздер», «Ең керемет жұп», «Сүйкімдісіздер» деген пікірлерін жазған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0