$ 471.77  547.25  6.6

Головкин әлемді тағы мойындатты: GGG күтпеген рейтингке енді

Қазіргі уақытта GGG-дің BoxRec парақшасына 4157 қолданушы жазылған.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин рингке шықпағанына бірнеше жыл өтсе де, жанкүйерлер арасындағы танымалдылығын жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

BoxRec порталы жариялаған статистикаға сәйкес, қазақстандық боксшы әлемдегі ең танымал былғары қолғап шеберлерінің ондығына кірді. Қазіргі уақытта GGG-дің BoxRec парақшасына 4157 қолданушы жазылған. Осы көрсеткішпен ол рейтингтің оныншы сатысына жайғасқан.

Тізімнің алғашқы орнында украиналық Александр Усик тұр. Оның парақшасына 12 мыңнан астам адам тіркелген. Ал үздік үштікке мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол да енген.

Еске салсақ, Геннадий Головкин соңғы кездесуін 2022 жылы өткізіп, Сауль Альвареспен болған үшінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан еді. Содан бері шаршы алаңға оралмағанымен, қазақстандық боксшы мансабын аяқтағанын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0