$ 471.45  547.21  6.63

«Қайрат» футзал клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бразилиялық маманмен үш жылдық келісімшарт жасалған.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Алматының «Қайрат» футзал клубы команданың жаңа бас бапкері ретінде Густаво Парадеданың тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Клубтың мәліметінше, бразилиялық маманмен үш жылдық келісімшарт жасалған.

Густаво Парадеда – «Қайрат» тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Ол 2004-2009 жылдары алматылық клуб сапында өнер көрсетіп, командамен бірге футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдесін иеленді. Бұл – клубтың Еуропадағы алғашқы ірі жетістіктерінің бірі саналады.

Соңғы жылдары Парадеда «Қайрат» жүйесінде спорт директоры қызметін атқарып, негізгі команда мен академияның дамуына үлес қосты. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында тізгінді қолға алып, команданы Қазақстан чемпионы атандырған еді.

Осылайша, «Қайрат» клубы жаңа маусымда тізгінді өз жүйесін жақсы білетін әрі клуб тарихында ізі қалған маманға сеніп тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0