$ 471.45  547.21  6.63

Допинг дауы: Қазақстандық әлем чемпионы алтын медалінен айырылуы мүмкін

Ендігі негізгі мәселе – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алынған алтын медальдің тағдыры.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық жасөспірім балуан Мадхия Усманованың допинг дауына қатысты ісінен кейін ел қоржынындағы әлем чемпионатының алтын медалінің тағдыры әзірге белгісіз күйде қалып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1bol.kz сайтының мәліметінше, U-17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшы бұған дейін допингке байланысты төрт жылға дисквалификацияланған еді.

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының мәліметінше, 2025 жылдың 31 шілдесінде – әлем чемпионатындағы жеңіс күні тапсырылған сынамадан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. Соған сәйкес спортшы 2025 жылдың 13 қазанынан 2029 жылдың 12 қазанына дейін жарыстардан шеттетілді.

Ендігі негізгі мәселе – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алынған алтын медальдің тағдыры. Бұл бойынша түпкілікті шешімді Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы шығарады. Әзірге халықаралық федерация Мадхия Усманованың чемпиондық атағы мен алтын жүлдесі кері қайтарыла ма, сондай-ақ Қазақстан құрамасының нәтижесі күшінде қала ма – осы мәселелерге қатысты ресми шешім жариялаған жоқ.

Жалпы, 2026 жылы Қазақстанда допинг ережесін бұзғаны үшін бес спортшы дисквалификацияланды. Олардың қатарында еркін күрестің екі өкілі, грек-рим күресінің бір балуаны, сондай-ақ джиу-джитсу мен ауыр атлетика спортынан бір спортшыдан бар. Барлығы да жарыс кезінде тапсырған сынамаларынан тыйым салынған препарат анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0