$ 471.45  547.21  6.63

Қазақстандық спортшы UFC-дің жаңа лигасында тарихи дебют жасады

Тартысты өткен белдесу тең нәтижемен аяқталды.

Фото: instagram.com/ufcbjj
Фото: instagram.com/ufcbjj

Қазақстандық файтер Азамат Бақытов UFC BJJ турнирінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тарихи дебют Лас-Вегаста өткен UFC BJJ 8 турнирінде жүзеге асты. Орта салмақта бақ сынаған Азаматтың қарсыласы австралиялық спортшы, қара белбеу иегері Томас Дэвид болды. Бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де лигадағы алғашқы кездесу еді.

Тартысты өткен белдесу тең нәтижемен аяқталды. Турнир ұйымдастырушылары қазақстандық файтердің өнеріне жоғары баға берді.

Айта кетейік, UFC BJJ – 2025 жылдың маусым айында іске қосылған UFC-дің сабмишн-грэпплинг бағытына арналған арнайы лигасы. Азамат Бақытов осы жобаға келісімшартқа отырған Қазақстан мен ТМД елдерінен шыққан алғашқы спортшы болып отыр.

Азамат Бақытов ММА-де әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген, оның еншісінде тоғыз жеңіс бар. Сонымен қатар ол күрес стиліне қарамастан үздіктер анықталатын Nomad Wrestling гран-приінің екі дүркін чемпионы саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0