$ 471.45  547.21  6.63

Мбаппе сүйіктісіне миллион долларлық әшекей сыйлады

Футболшы актрисаға 1,2 миллион доллар болатын гауһар тасты алқа сыйлаған.

Коллаж: 1bol.kz
Коллаж: 1bol.kz

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе бұл жолы футболдағы ойынымен емес, жеке өміріндегі қымбат сыйлығымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап. 

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, француз футболшысы өзінің сүйіктісі – танымал испаниялық актриса Эстер Экспоситоға құны шамамен 1,2 миллион доллар болатын гауһар тасты алқа сыйлаған.

Айтуларынша, бұл ерекше сыйлық Канн кинофестивалі қарсаңында табысталған. Эстер Экспосито аталған фестивальдің ең көп талқыланатын қонақтарының бірі саналады. Ал Мбаппе сүйіктісінің қызыл кілемде өзгелерден ерекшеленуіне барынша мән берген көрінеді.

Айта кетейік, 26 жастағы Эстер Экспосито Netflix платформасындағы «Элита» сериалы арқылы әлемге танылған. Қазіргі таңда актрисаның Instagram парақшасына 24 миллионнан астам адам жазылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0