Олар Азия біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті
Қазақстан таеквондодан Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Елдар Бірімбай қола медаль жеңіп алды.
Ол жартылай финалда ирандық Әмір Бахтияримен кездесіп, қарсыласына 2:0 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркебұлан Еңсегенов те жарыстың қола жүлдегерлері қатарына енген болатын.
Ал әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Назым Махмұтова да үшінші орынға ие болды. Жартылай финалда ол қытайлық Сун Цземен күш сынасып, тартысты өткен жекпе-жекте 2:1 есебімен жеңіліп қалды.