$ 471.45  547.21  6.63

Геннадий Головкин Александр Усиктің жекпе-жегіне арнайы келді (ВИДЕО)

Қазақстандық спортшыны туған ағасы Максим Головкин ертіп жүргені байқалады.

Фото: gggboxing/instagram
Фото: gggboxing/instagram

Геннадий Головкин бастаған Қазақстан ҰОК және World Boxing ұйымының өкілдері Мысырдың Гиза қаласында өтіп жатқан кәсіби бокс кешіне келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кештің басты оқиғаларының бірі — бұрынғы абсолют әлем чемпионы, украиналық Александр Усик пен нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек болмақ.

DAZN стриминг сервисінің Instagram-парақшасында Головкиннің бокс кешіне келу сәті жарияланды. Қазақстандық спортшыны туған ағасы Максим Головкин ертіп жүргені байқалады.

«Головкин келді. Қазір Гиза аңыздарға толы», — деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0