$ 470.8  545.99  6.6

Қазақ баласы Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде

Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Гимнаст Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҰОК хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық гимнаст еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов (13,600) иеленсе, қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға (13,500) бұйырды.

Алтынхан Темірбек жарысты сегізінші орынмен аяқтады (12,500).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0