$ 470.8  545.99  6.6

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола жүлде алды

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0