$ 470.8  545.99  6.6

Месси екі нәтижелі пас берген матчта 10 гол соғылды

"Интер Майамидің" шабуылшысы Lionel Messi матчта 73 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді.

Фото: kommersant
Фото: kommersant

MLS тұрақты маусымында "Интер Майами" өз алаңында "Филадельфия Юнионды" қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тартысты өткен кездесуде алаң иелері 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Герман Бертераме екі рет, Луис Суарес хет-трик жасап, Родриго Де Поль бір гол соқты. Қонақтар құрамында Милан Илоски үш мәрте мергендік танытса, Бруно Дамиани бір голдың авторы атанды.

"Интер Майамидің" шабуылшысы Lionel Messi матчта 73 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді. Осы жеңістен кейін "Интер Майами" 31 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. Ал "Филадельфия Юнион" жеті ұпаймен турнир кестесінің соңында қалды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0