$ 472.48  550.06  6.59

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан – елдегі ең атақты балуандардың бірі.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Үндістан өкілі Лаки Лакимен белдесіп, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын айқын жеңіске жетті. Осылайша Ризабек Айтмұхан өзі үшін жаңа салмақта Азия чемпионы атанды.

Финалға дейін де Ризабек Айтмұхан қарсыластарын сенімді түрде ұтты. Жартылай финалда ол қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген. Осы салмақта ол Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алған еді.

Ризабек Айтмұхан – елдегі ең атақты балуандардың бірі. Оның еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын медалі, сондай-ақ Азия чемпионаттарының үш күміс жүлдесі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0