Биылғы Norway Chess Women 2026 жарысында барлығы 10 тур ойналады.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан Norway Chess Women 2026 турнирін сәтті бастап, алғашқы турдан кейін жеке-дара көш бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бірінші айналымда отандасымыз үндістандық тәжірибелі гроссмейстер Хампи Конерумен қара тастармен ойнап, классикалық партияда сенімді жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Асаубаева турнир кестесінде 3 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Қазіргі турнирлік кесте төмендегідей:
Айта кетейік, турнирде ерекше ұпай жүйесі қолданылады. Классикалық партиядағы жеңіс үшін 3 ұпай беріледі. Егер негізгі ойын тең аяқталса, шахматшылар «армагеддон» форматында қосымша партия өткізеді. Мұнда жеңімпаз 1,5 ұпай алса, жеңілген ойыншыға 1 ұпай жазылады.
Биылғы Norway Chess Women 2026 жарысында барлығы 10 тур ойналады. Алты шахматшы қатысатын дода екі айналым жүйесімен өтеді және турнир 5 маусымға дейін жалғасады.