$ 477.48  555.83  6.65

Бибісара Асаубаева үндістандық қарсыласына есе жіберді

Классикалық партия жеңімпазды анықтай алмады.

Фото:  Михал Валуша (ФИДЕ)
Фото: Михал Валуша (ФИДЕ)

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің үшінші турында үндістандық Дивья Дешмухпен тең түсіп, кейін армагеддон форматындағы қосымша партияда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Классикалық партия жеңімпазды анықтай алмады. Ал турнир ережесіне сәйкес өткізілген армагеддонда қарсыластар тағы да тең нәтиже тіркегенімен, регламент бойынша қосымша 0,5 ұпай қара фигуралармен ойнаған үндістандық шахматшының еншісіне жазылды. Бұл кездесуде Асаубаева ақ тастармен өнер көрсетті.

Соған қарамастан, үш тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 5,5 ұпаймен турнир кестесіндегі жеке-дара көшбасшылығын сақтап қалды. Ал Дивья Дешмух 4,5 ұпаймен екінші орында келеді.

Келесі турда қазақстандық шахматшыны аса маңызды кездесу күтіп тұр. Асаубаева әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньпен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0