Ал Қуат Хамитов қазақстандық жанкүйерлерге MMA-дегі жарқын өнерімен жақсы таныс.
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов халықаралық деңгейдегі ірі турнирде өнер көрсетеді. Ол 11 шілде күні Грузия астанасы Тбилисиде өтетін RAF Georgia турнирінде UFC ұйымының танымал спортшысы Арман Царукянмен кездеседі. Ұйымның ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, спортшылар орта салмақ дәрежесінде белдеседі. Кездесу еркін күрес форматында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Арман Царукян аралас жекпе-жек әлеміндегі ең мықты спортшылардың бірі саналады. UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсететін файтер бірнеше мәрте рейтингі жоғары қарсыластарын жеңіп, чемпиондық белбеуге үміткерлер қатарына қосылған.
Ал Қуат Хамитов қазақстандық жанкүйерлерге MMA-дегі жарқын өнерімен жақсы таныс. Соңғы жылдары түрлі спорттық жобалар мен жарыстарға қатысып жүрген ол енді өзін күрес кілемінде сынап көрмек.
Айта кетейік, RAF Georgia турнирі 11 шілдеде Тбилисидегі Tbilisi Arena кешенінде өтеді. Хамитов пен Царукян арасындағы кездесу кештің ең қызықты белдесулерінің бірі болмақ.