Қазақстан аумағында әлем чемпионаты матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойын күнінің матчтары басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдағы түнде және таңертең Қазақстан уақытымен екі кездесу өтеді.
В тобында турнирді қабылдаушы елдердің бірі — Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі. Матч Торонто қаласында өтеді. Босния және Герцеговина құрамасының сапында елордалық «Астана» клубында өнер көрсететін Иван Башич те бар. Кездесу Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады.
Таңертең D тобының құрамалары алғашқы ойындарын өткізеді. Турнир қожайындарының бірі АҚШ құрамасы Лос-Анджелесте Парагваймен күш сынасады.
13 маусым. Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:
Қазақстан аумағында әлем чемпионаты матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.