$ 488.59  564.37  6.79

Рыбакина тартысты матчта жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті

Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік теннистегі үздік ойыншылардың бірі Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы Германия теннисшісі Татьяна Мариямен кортқа шықты. Кездесу тартысты өтіп, алғашқы сетте қарсыласы тай-брейкте жеңіске жетті.

Алайда Рыбакина матчтың қалған бөлігінде басымдық танытып, екінші және үшінші сеттерде жеңісті өз еншісіне жазды. Нәтижесінде қазақстандық теннисші 6:7 (5:7), 7:5, 6:0 есебімен камбэк жасап, келесі кезеңге өтті.

Осылайша Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына шықты. Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0