Кездесу барысында спорт жанкүйерлері қос чемпионның өзара пікір алмасып, естеліктерімен бөліскен сәттеріне куә болды.
Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин америкалық бокстың тірі аңызы Шугар Рэй Леонардпен символикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Екі дәуірдің атақты орта салмақтағы чемпиондарының кездесуі АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті. Шара Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына енгізудің ресми салтанаты қарсаңында ұйымдастырылған. Кездесу барысында спорт жанкүйерлері қос чемпионның өзара пікір алмасып, естеліктерімен бөліскен сәттеріне куә болды. Геннадий Головкин кәсіби мансабында 42 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, бір жекпе-жекті тең аяқтаған.
Айта кетейік, Головкин жақында Халықаралық бокс даңқы залына енген алғашқы қазақстандық боксшы атанып, отандық спорт тарихындағы маңызды белесті бағындырды. Қазіргі таңда ол Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарады.