$ 489.39  567.5  6.69

Әлем Чемпионаты: Өзбекстан құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

99-минутта колумбиялық Хаминтон Кампас қорытынды есепті белгіледі.

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында сынға түсіп жатқан Өзбекстан - Колумбия кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дүбірлі додаға алғаш рет қатысып отырған өзбекстандық футболшылар бірінші ойында Оңтүстік Американың тәжірибелі құрамасына жолықты. Соған қарамастан олар бұл кездесуде ұпай олжалауға бар күшін салды. Десе де ойын басынан Колумбия құрамасы тізгінді өз қолына ұстауға тырысты. Толассыз шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған өзбекстандық қорғаушылар лайықты тойтарыс беріп жатты.

Ойынның 42-минутында колумбиялық Даниэль Муньос өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол әріптесі Луис Диастың берген пасын голға айналдыра білді.

Ендігі кезекте Фабио Каннаваро шәкірттері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде өзбекстандық шабуылшы Аббосбек Файзуллаев 60-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, 65-минутта Луис Диастың голынан кейін қайтадан Колумбия алға шықты.

Ал 99-минутта колумбиялық Хаминтон Кампас қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Өзбекстан құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0