$ 489.39  567.5  6.69

Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.

Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.

Ал 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/8 финалында шаршы алаңға шығады. Ол А рингіндегі алтыншы жұпта Ұлыбритания өкілі Патрис Мугалзаимен қолғап түйістіреді.

Ал әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңде жұдырықтасады. А рингіндегі тоғызыншы жұпта ол польшалық Виктория Рогалинскамен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0