$ 488.37  559.77  6.64

Жібек Құламбаева Болгариядағы жарыста үздік шықты

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Украиналық Валерия Страховамен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда грекиялық Марта Матула - америкалық Хиба Шайхпен чемпиондық атақ үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда Жібек пен Валерия үш брейк жасап, қарсыластарына бірде-бір гейм бермеді - 6:0.

Тартыстылау өрбіген екінші сет те қазақстандық-украиналық дуэттің пайдасына шешілді - 6:4.

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0