$ 488.37  559.77  6.64

Бокстан Әлем кубогы: финалда кім кіммен кездеспек?

Еліміздің атынан бес былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогы финалында қазақстандық боксшылардың кімдермен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бүгін, 21 маусым күні бокстан Қытайдағы Әлем ккбогының финалдық жекпе-жегі өтеді. Еліміздің атынан бес былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)

2-жұп. 54 келі. Назым Қызайбай — Сирине Чарааби (Италия, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері). Қарсыластар бұрын бір-бірімен өзара кездеспеген. Италия боксшысы сәуір айында ғана Финляндиядағы халықаралық турнирде Жайна Шекербековаға есе жіберген еді.

3-жұп. 60 келі. Виктория Графеева — Лин Юй-Тин (Тайпей, Париж Олимпиадасының чемпионы). Қарсыластар қазірге дейін бір-бірімен жұдырықтасқан жоқ. Тайпей өкілі Қазақстаннан Карина Ибрагимовамен 4 мәрте және Назым Қызайбаймен шаршы алаңда жолыққан.

6-жұп. 70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Дипак (Үндістан). Бұл екі қарсылас та қазірге дейін ешқандай кездсепеген. Үндістан боксшысы 2026 жылдың басында Испаниядағы Boxam халықаралық турнирінің финалында Төрехан Сабырханнан жеңілген болатын.
Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)

1-жұп. 50 келі. Санжар Тәшкенбай — Асилбек Жалилов (Өзбекстан, Азия чемпионы). Отандасымыз 2022 жылы Азия чемпионаты және 2024 жылы «Странджа» турнирінде басым түскен еді.

6-жұп. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Никита Путилов (Германия).2025 жылы Астанада өткен әлем кубогының финалында жолығып, Айбектің мерейі үстем болған.

Айта кетсек, әлем кубогы финалында Өзбекстан — 7, Қытай — 6, Қазақстан — 5, Үндістан мен Франция — 4, Бразилия — 3, Англия, АҚШ, Италия — 2, Тайпей, Болгария, Әзербайжан, Германия, Канада — 1 үздігіне үміт артып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0