$ 488.37  559.77  6.64

Абылайхан Жүсіпов бокстан Әлем кубогының чемпионы атанды

Ал үндістандық боксшы күміс жүлдені қанағат тұтты.

Фото: qazsporttv.kz
Фото: qazsporttv.kz

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing аясындағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық финалда Үндістан өкілі Дипакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Жүсіпов айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды. Ал үндістандық боксшы күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы IBA әлем чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. Ал оның финалдағы қарсыласы Дипак – 2022 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2026 жылғы Boxam халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0