$ 488.37  559.77  6.64

Виктория Графеева Әлем кубогының чемпионы атанды

Ал Линь Юйтин күміс медальді қанағат тұтты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Қытайдың Гуйань қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Графеева Тайвань өкілі Линь Юйтинмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, алғашқы раундта есе жіберген Виктория үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесудің тағдырын өз пайдасына шешті.

Осылайша, Виктория Графеева турнирдің жеңімпазы атанып, Әлем кубогының алтын жүлдесін иеленді. Ал Линь Юйтин күміс медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, Виктория Графеева – Азия чемпионы (2024), сондай-ақ әлем чемпионатының күміс (IBA, 2025) және қола (World Boxing, 2025) жүлдегері. Оның финалдағы қарсыласы Линь Юйтин – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы әрі бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2018, 2022).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0