Алматылық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға берік орнықты.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІV турында екінші ойын күнінде алматылық «Қайрат» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» сүріндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойын барысында алматылық клуб қатарынан екі гол соғып, басымдықты арттыра түсті. Олардың қатарынан алдымен Яакко Оксанен 9-минутта көзге түссе, 14-минутта Марк Гуаль көздеген нысанадан мүлт еткен жоқ.
Келесі кезекте алаң иелері сапынан Стефан Баокен 22-минутта есеп айырмасын қысқартса, Этьен Бугре 39-минутта пенальтиден гол соқты.
Екінші кезеңде «Қайрат» Жоржиньо 77-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаса, 92-минутта Луиш Мата қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға берік орнықты.
Сондай-ақ бүгін өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» Қостанайдың «Тобылын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Дәл қазір «Елімай» (Семей) - «Атырау», «Ақтөбе» - «Астана» кездесулері өтіп жатыр.
Айта кетсек, бұл турда 20 маусымда төрт ойын өткізілді. Бұл күні «Алтай» (Өскемен) - «Жетісу» (Талдықорған) 3:3, «Жеңіс» (Астана) - «Ертіс» (Павлодар) 0:0, «Қайсар» (Қызылорда) - «Ұлытау» (Жезқазған) 0:0 есебімен тең түссе, шымкенттік «Ордабасы» Ақтаудың «Каспийінен» 2:0 есебімен басым түсті.