$ 488.37  559.77  6.64

Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алмаған еді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрлықтық біріншіліктің ақтық сынында жерлесіміз Гонконг өкілі Кейлин Сэні 15:12 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұл жүлде Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысы тарихындағы алғашқы алтын медаль болды.

Бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алмаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0