$ 486.47  554.77  6.26

Бекзат Алмахан UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты (ВИДЕО)

Отандасымыз Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде бразилиялық Жан Мацумотомен күш сынасты.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде бразилиялық Жан Мацумотомен күш сынасты.

Жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған болатын. Тартысты өткен айқастың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Жан Мацумотоға берді.

Осылайша, Жан Мацумото кәсіпқой мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізсе, Бекзат Алмахан төртінші рет жеңіліс тапты. UFC-дегі көрсеткіші бойынша қазақстандық спортшының рекорды 1 жеңіс пен 3 жеңіліске дейін нашарлады. Ал бразилиялық файтердің UFC-дегі статистикасы 4 жеңіс және 2 жеңілісті құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0