$ 486.47  554.77  6.26

Асу Алмабаев сенсация жасады (ВИДЕО)

Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дағы кәсіби мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді.

Фото: arena.olimpbet
Фото: arena.olimpbet

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз америкалық файтер Чарльз Джонсонмен октагонға шықты. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Кездесу үшінші раундта аяқталып, Асу Алмабаев ауырту әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дағы кәсіби мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Чарльз Джонсон тоғызыншы рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Бұл жеңістен кейін қазақстандық файтердің UFC-дегі рекорды 7 жеңіс пен 1 жеңіліске жетсе, Чарльз Джонсонның әлемдегі ең ірі промоушндағы көрсеткіші 8 жеңіс және 7 жеңіліс болып өзгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0