$ 486.47  554.77  6.26

Дзюдошы Шерзод Давлатов Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0