30.06.2026, 12:00

Ербол Хамитовқа Паралимпиададағы тарихи жеңісі үшін 350 000 доллар төленді

Фото: olympic.kz

Сондай-ақ ақшалай сыйлық спортшылардың бірінші, жеке және бас бапкерлеріне де берілді.

Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақстандық спортшы Ербол Хамитов мемлекеттен 350 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Үкімет XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау туралы қаулы қабылдаған. Осыған сәйкес, спортшылар мен олардың бапкерлеріне жалпы көлемі 388 миллион теңгеден астам қаражат төленді.

Ақшалай сыйақы алған спортшылардың қатарында:

Ербол Хамитов – 350 мың доллар; Александр Герлиц – 40 мың доллар; Владислав Кобаль – 10 мың доллар.

Сондай-ақ ақшалай сыйлық спортшылардың бірінші, жеке және бас бапкерлеріне де берілді.

Бұдан бөлек, жергілікті әкімдік Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер табыстайды.

Еске салайық, Ербол Хамитов Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында шанамен пара-биатлонның 4,5 шақырымдық жарысында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Сонымен қатар ол шаңғы жарысынан қола жүлдеге де қол жеткізді.